Дэвис кубогындағы 1/8 финалына қатысатын Қазақстан командасының құрамы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-6 наурыз аралығынла Белград қаласында Қазақстанның теннистен құрамасы Дэвис кубогы Әлемдік тобының 1/8 финалының аясында Сербиядағы қарсыластарымен кездеседі.

Қазіргі кезде қазақстандық теннисшілер Венадағы McCartney спорттық академиясының базасында жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры, Дэвис кубогы командасының капитаны Диас Досқараевтың айтуынша, сербтермен ойын біздің командамыз үшін өте маңызды және жауапты жарыс. Бұл жарыста Сербия командасы үшін әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович шығатыны белгілі, деп жазады sports.kz.

Қазақстанның Сербияға қарсы ойнайтын командасының ресми құрамы: Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Дмитрий Попко.

Соңғы жаңалықтар