Дэвис кубогы: Ұлыбритания Қазақстанмен матчта алға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридте Дэвис кубогы финалы аясында Қазақстан – Ұлыбритания матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып Қазақстаннан Михаил Кукушкин, Ұлыбританиядан Кайл Эдмунд кортқа шықты.

Дүниежүзілік рейтингте М.Кукушкин 67-орында болса, қарсыласы одан екі саты төмен еді. Дегенмен кімнің шеберлігі артық екендігі ойын үстінде көрінетіні белгілі.

Бірінші партияда ширақ ойнаған К.Эдмунд 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте ұлыбританиялық теннисші брейк жасап, алға кетті. Ол тағы бір брейкпен матчты тәмамдады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Осылайша ұлыбританиялықтар 1:0 есебімен алға шықты.

Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 42-орындағы Дэниел Эванс шеберлік байқасады.

Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Джейми Маррей мен Нил Скупскимен сынға түседі деп жоспарланған, дегенмен матчтың өту барысына қарай оған өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Қос құраманың қай жеңгені плей-офф бәсекесіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбритания құрамасының Нидерланды теннисшілерін жеңгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар