Дэвис кубогы: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы теннистен Дэвис кубогының бірінші айналымында кездесетін Қазақстан және Португалия командалары арасындағы кездесудің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

1 ақпан күні Александр Бублик пен Михаил Кукушин жұбы кортқа шығады. Олар Жоау Соуза мен Педро Соузаға қарсы ойнамақ. Матчтың басталуы - 14.00.

2 ақпан күні Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин жұбы және Жоау Соуза мен Гаштау Элиаш кім мықтыны анықтайды. Матчтың басталуы - 12.00.

Еске сала кетейік, командалар ірі халықаралық турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға бақ таластырады.

Соңғы жаңалықтар