Дэвис кубогы: Қазақстан мен Португалия жұптық сында бәсекеге түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы әлемдік тобының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Португалия құрамалары сенбі күні жұптық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин жұбы Жоау Соуза мен Гастао Элиаспен күш сынасады. Егер осы бәсекеде қазақстандық теннисшілер жеңіске жетсе, онда Қазақстан құрамасы Испания астанасы Мадридте 18-24 қарашада өтетін Дэвис кубогы әлемдік турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алады. Ал португалиялық жұп ұтса, онда есеп қысқарып, төртінші бәсекеде Михаил Кукушкин Жоау Соузамен кортқа шығады. Бұдан кейін таразы басы теңессе, Александр Бублик Педро Соузамен шешуші кездесуді өткізеді.

Қазақстан құрамасы жұма күнгі бәсекелерді өте сәтті аяқтады. Алдымен дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған 21 жасар Александр Бублик Португалияның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Жоау Соузаны тартысты ойында ұта білді.

Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 101-сатыдағы Педро Соузаны бет қаратпай, 6:2, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша алғашқы күні Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шыққан еді. Енді жалпы жеңіс үшін бір-ақ бәсекені ұту керек.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын Александр Бубликтің Қазақстан құрамасын алға шығарғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар