Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов Қазақстанды алға шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада теннистен Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Қазақстан – Нидерланды матчы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін кортқа алғашқы болып жұптық сында өнер көрсететін теннисшілер шықты.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов өздеріне артылған үмітті ақтай білді.

Олар нидерландылық Жан-Жюльен мен Робин Хасені 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке 1 сағат 9 минутқа созылды.

Осылайша Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Енді қазақстандықтарға Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алу үшін бір жеңіс жетіп жатыр.

Қазіргі сәтте Александр Бублик пен Робин Хасе ойнауда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан алғашқы ойында есе жібергенін, Александр Бублик есепті теңестіргенін жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар