+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Дэвис кубогы: Бубликтің жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы алға шықты

2019 жылғы 1 ақпан 16:42
Бөлісіңіз:
Дэвис кубогы: Бубликтің жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы алға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы әлемдік тобының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Португалия құрамалары кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші болып қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 171-орында тұрған 21 жасар Александр Бублик пен Португалияның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы, биыл 30-ға толатын Жоау Соуза кортқа шықты.

А.Бубликтің Қазақстан құрамасы үшін өткізген беташар бәсекесі тартысты өрбіп, бірінші партия тай-брейкке ұласты. Онда португалиялық теннисші 7:1 есебімен басымдылығын көрсетті.

Екінші партияда есеп 3:3 болып тұрған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай біліп, өз геймін де құр жібермей, алға шықты - 5:3. Ақыры сетті жеңіспен аяқтай алды - 6:4. Үшінші, шешуші партияны да Бублик брейкпен бастады - 2:0. Содан кейін Соуза доп бергенде, брейк-пойнттарды пайдалана алмады. Есесіне өз геймін жібермеді - 3:1. Бұл сет те 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.

Осылайша Бубликтің жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 101-сатыдағы Педро Соузамен шеберлік байқасады. Ертең жұптық сында Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин Жоау Соуза мен Гастао Элиаспен күш сынасады. Матч әр команданың үш жеңісіне дейін жалғасады. Егер үш кездесуден кейін жеңімпаз анықталмаса, онда Михаил Кукушкин Жоау Соузамен шеберлік байқасады. Бұдан кейін де тең болса, Александр Бублик Педро Соузамен мәселені шешеді.

Жеңімпаз құрама Испания астанасы Мадридте 18-24 қарашада өтетін Дэвис кубогы әлемдік турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алады. Онда қазірдің өзінде АҚШ, Франция, Хорватия, Испания, Аргентина және Ұлыбритания командалары ойнайтыны белгілі болып отыр.

Қазақстанның ерлер құрамасы сегізінші жыл бойы әлемдік теннистің элитасында өнер көрсетіп келеді. Содан бері қазақстандықтар байрақты бәсекенің ширек финалына бес рет шықты. Бұдан бұрынғы кезеңде де олар ширек финалға дейін жетіп, Хорватияға есе жіберді. Кейін жарыс қорытындысында хорваттар кубокті ұтып алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталған болатын.

Фото: Reuters

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT