Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі.

Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің әлемдік рейтингте орындарын жақсартқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты.

Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Фото – Қазақстан теннис федерациясы


Соңғы жаңалықтар