Дэвис кубогі: Тимофей Скатов Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Чили – Қазақстан іріктеу матчы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш бәсекеде Тимофей Скатов пен Кристиан Гарри бірінші болып кортқа шықты.

Бұл Т.Скатовтың Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Чилилік спортшы қайыра брейк жасағанымен, Тимофейді тоқтата алмады. Есеп – 6:1, Скатовтың пайдасында.

Екінші сетті де қазақстандық спортшы тамаша бастады – 4:0. Бұдан кейін К.Гарри есепті қысқартқанымен, Т.Скатов қайтадан 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Бір сағат 38 минутқа созылған ойында Т.Скатов 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.

Осылайша, Қазақстан алға шықты – 1:0.

Енді Александр Бублик пен Николас Харри шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында өзін көрсететін уақыт келгені туралы айтты.

Қазақстан – Чили матчының жеребесі тартылды.

Суреттер – Қазақстан теннис федерациясы

Соңғы жаңалықтар