Дэвис кубогі: Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Чили – Қазақстан іріктеу матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастапқы кездесуде Тимофей Скатов қарсыласын жеңгеннен кейін, кезек Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликке келді.

Топырақ төсенішіндегі корттар А.Бубликтің оң жамбасына онша келе қоймайды. Ойыны да жүрмейді. Сондықтан болса керек, Николас Харри бірінші партияда бірден брейк жасап, алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2, содан кейін сетті сәтті бітірді – 6:2.

Екінші сетте чилилік теннисші брейкпен бастағанымен, қазақстандық спортшы сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Алайда қайтадан өз геймдерін беріп қойды – 2:5. Н.Харри матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:2.

Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Осылайша, Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті. Есеп – 1:1.

Жексенбі күнге үш ойын белгіленген. Үш жеңіске қол жеткізген команда Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында өзін көрсететін уақыт келгені туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан – Чили матчының жеребесі тартылды.

Дэвис кубогінде Тимофей Скатов Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар