Дэвис кубогі: Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ла-Серена қаласында Дэвис кубогінің іріктеу матчында Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар жұптық сында жеңіліп қалғаннан кейін кортқа Александр Бублик пен Кристиан Гарин шықты.

Осы ойында ұтса ғана Қазақстан құрамасы жолдама үшін таласты жалғастыратын еді.

Бірінші партияда К.Гарин 4:1 есебімен алға кетті. А.Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 4:6.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Сосын мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте чилилік спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Чилиге 1:3 есебімен жол беріп, Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті.

15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды.

Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты.

Соңғы жаңалықтар