Дэвис кубогі: Қазақстан – Болгария матчының жеребесі тартылды

None
София қаласында Дэвис кубогінің плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте өтетін Болгария – Қазақстан матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бәсекенің бірінші күні Астана уақытымен сағат 15.00-де кортқа еліміздің екінші, әлемнің 123-ракеткасы Тимофей Скатов алғашқы болып кортқа шығады.

Т.Скатов рейтингте 179-орында тұрған Димитар Кузмановпен сынға түседі.

Жиырма минуттан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бубликке кезек келеді. Ол рейтингте 569-сатыдағы Янаки Милевтің шамасын байқап көреді.

Жексенбі күні, 17 қыркүйекке үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев Александр – Донски – Александр Лазаровпен шеберлік байқасады. Содан кейін А.Бублик Д.Кузмановпен, Т.Скатов Я.Милевпен кездеседі.

Жеңімпаз команда алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін тағы бір қарсыласымен матч өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукиннің Дэвис кубогінде күтпеген нәтиже болуы мүмкін екендігін айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева жұптық сында Осака турнирінің финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар