Дэвид Хокнидің «Суретші портреті» рекордтық сома - $90,3 миллионға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын суретшісі, график және фотограф Дэвид Хокнидің «Суретші портреті» картинасы  бейсенбі күні Нью-Йоркте Christie's аукцион үйі ұйымдастырған саудада $90,3 млн қаржыға сатылды.

 Аукцион үйінің Twitter-де хабарлауынша, бұл қазіргі суретшілер арасындағы жұмыстар үшін рекордтық баға.

Бұдан бұрынғы рекорд осы аукцион үйінде 2013 жылы ұйымдастырылған шарада орнатылған. Ол кезде америкалық Джефф Кунстың «Шарлардан жасалған ит» туындысы $58,4 миллионға сатылған еді. Хокни картинасының бағалау құны $80 млн құрайды.

«Суретші портреті» 1972 жылы Нью-Йоркте көрме үшін салынған. 

Соңғы жаңалықтар