Deutsche Bank 18 мың қызметкерін қысқартады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германиядағы ірі банктердің бірі Deutsche Bank 18 мың қызметкері қысқартуға ұшырайды. Бұл шара қаржы ұйымын қатаң түрде қайта құрылымдауға байланысты болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Deutsche Bank өзінің бизнес-моделін қатаң түрде өзгертіп жатыр. Бұл қаржы ұйымының кірісін арттырып, акционерлердің табысын көбейтеді және ұзақмерзімді өсімді қамтамасыз етеді», - деп мәлім етті банктен.

Одан бөлек, қайта құру жұмыстары барысында 18 мың қызметкер қысқарады. Бұл - негізінен Лондон мен Нью-Йоркте құнды қағаздарды орналастырумен айналысатын мамандар.

18 мың адам - банктің бүкіл жұмыс күшінің бестен бір бөлігі. Қаржы институты 2022 жылға қарай шығындарын 25 пайызға азайтуды көздеп отыр.



Автор: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар