Деструктивті идеология таратқан миссионерлердің жұмысына толық шектеу қойылды – ҰҚК

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары, ҰҚК полковнигі Сергей Швейкин еліміздегі дінтанушылар мен теологтар деструктивті ағымдармен күресте қалай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дін саласындағы мамандардың алдындағы басты міндет – Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасын іске асыру. Өз білім-білігін, діни ортаға ықпалын ескере отырып, қазіргі таңда дін саласындағы проблемаларын зерттеу орталықтары мен топтары білікті мамандармен, теологтармен толықтырылған. Олар қоғамдағы имунитеті қалыптастыру жұмысына белсенді түрде тартылған. Негізгі басымдық бұл жерде жекеленіп қалған адамдармен бетпе-бет жұмыс жүргізуге беріледі. Білігі жоғары дінтанушылар деструктивті ағымдағы азаматтармен пікірталасқа түсіп, олардың көзқарасының бұрыс екеніне сендіріп, дәстүрлі дінге тартады», - деді ҰҚК полковнигі.

Сергей Швейкиннің айтуынша, осы жұмыстардың арқасында өткен жылы 2 мыңнан астам азаматқа қатысты жеке жұмыс өз жемісін берген.

«Қазір деструктивті идеология таратқан белсенді қазақстандық миссионерлердің жұмысына толығымен шектеу қойылды. Дін саласындағы мамандар шетелде теологиялық білім алмақ ниеттегі жастармен жұмысты жолға қойды. Дәстүрлі Исламның нормалары терең түсіндіріліп, шетелдік күмәнді оқу орындарының тезистерін мән берудің қажеті жоқтығы насихатталуда. Студенттер қазір шетелден оралып, отандық теологиялық оқу орындарында оқитын болған. Осының арқасында жастардың радикалды топтарға қосылып кету қаупі азайып келеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордада бүгін Қазақстан Дінтанушыларының ХІ форумы өтіп жатыр. Сергей Швейкин жиында Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асатынын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар