Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен республикалық іздеуде жүрген, «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы – Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды.

Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.


Соңғы жаңалықтар