Десантшы көлік ұрыларын ұстауға көмектесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық десантшы іздеуде жүрген көлік ұрыларын ұстауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға болған күні десанттық-шабуылдау әскеріне қарасты 12881 бөлімінің қатардағы сарбазы Шахзат Ғаппаров үйіне кеш оралған болатын. Ол қас қарайғанда үй ауласындағы автотұрақты торуылдап жүрген 4 күдікті жігітті байқайды.

Ұрлық арқылы жеңіл табысты көздегендер көліктің айнасын, дөңгелегін шешіп жүрген. Антирадарды алу үшін көліктің терезесін де сындырған екен.

Ш.Ғаппаров алдымен күдіктілерді сыртынан бақылайды. Олардың қылмыс жасамақ болғанына толық көзі жеткен соң, ол тәртіп сақшыларын шақырады. Санаулы уақытта жеткен полицейлер күдіктілерді М.Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізді.

 

Ш.Ғаппаров  қызмет ететін 12881 әскери бөлімінің командирі, подполковник Руслан Өтеповтың атына алғыс хат жіберілді. Онда қырағы сарбазды даярлап, жеке құраммен жақсы жұмыс істеген бөлім атына алғыс білдірілген. 

Соңғы жаңалықтар