Десант болу үшін не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Десант болғысы келетін жас ерте дайындалады. Шынығып, экран алдына көп уақыт шегеленбей, жақсы тамақтанады және оған қойылатын талап та мықты, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Десантура, мемлекеттік күзет - әскери қызметтің элитасы саналады. Жігіттердің «барғысы» келетін жері осы. Бірақ онда медициналық, психологиялық тексерістен өзі де отбасы мүшелері де сүрінбеген жігіттің сырттаны жіберіледі. Иә, өзі жарап тұрған жігіттің отбасы мүшелері де жан-жақты бақылаудан өтеді. Десантшылар парашютпен секіреді, әдеттегі әскери қызметпен салыстырғанда анағұрлым көп жүгіреді. Физикалық ауыр жаттығулармен қоса психологиялық қысым қатты», - дейді облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкері Айнұр Уәлиева.

Иә, осы екі жерде Отан алдындағы борышын өтеген жастардың бөлекше абыроймен оралатыны анық.

«Осы жолы біздің облыстан мемлекеттік күзет қызметіне 23 жас аттанды. Ал жалпы көктемгі шықырылымда 1300 жас сарбаз сапқа тұрғызылып, әр тарапқа жөнелтілді», - дейді Айнұр Уәлиева.

Оларды шығарып салу рәсімі Өскемендегі «Ертіс» мәдениет сарайында өтті. Шара Отан қорғаушылар мейрамына орайластырылған еді.

«Сарбаздарды шығарып салу бізде дәстүрге айналған. Мұнда Қарулы күштердің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, курсанттар және әскери-патриоттық үйірмелердің тәрбиеленушілері қатысады. Басты мақсат - жастардың патриоттық сүйіспеншілігін ояту. Шараны жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп ұйымдастырдық», - дейді департаменттің бастығы Қайырбек Қайырқанов.

Соңғы жаңалықтар