Державинскіде киіктерге мүсін орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүсінші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов қызыл кітапқа енген киіктерге арнап, мүсіндік инсталляция жасады. Өзінің бейнеролигінде шебер туындыны әзірлеу барысын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүсінді бір айлық демалысымда тапсырыс бойынша әзірледім - киіктер Державинскіні көріктендіріп тұрады. Өте берік әрі ұзаққа шыдамды шыныпластик материалын қолдандым», - дейді Айдос Есмағамбетов.

Торғай мен Ақмола далаларында ақбөкендердің Бетпақдала ақбөкендер популяциясының ең көп бөлігі тіршілік етеді. Дәл осы далада 2015 жылы 150 мыңнан астам реликтік жануар қырылып қалды. Менің туындымның да жасалуына киіктердің жоғалып кету қаупі ықпал етті», - дейді Айдос.

Мүсін көлемі шынайы киіктермен шамалас және мүсінші жануарлар қозғалысының әсемдігін барынша беруге тырысқан.

Қазіргі уақытта мүсінші танымал боксшы Геннадий Головкиннің мүсінін әзірлеуде және бұл жұмысты GGG келесі айқасына дейін бітіруді жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, республикада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша дауыс беру басталды. «Мәдениет» бөліміндегі үміткерлер арасында Айдос Есмағамбетовтың да есімі бар.  

А. Есмағамбетов Абылайханның, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың силикон мүсіндерін жасаған. Одан бөлек, хоррор, триллер бағытындағы фильм актерлеріне күрделі гримм жасаумен айналысады. Адамдарға эстетикалық протез жасап, медицина саласына да өз үлесін қосып жүр.

Tabigatti saqtayiq! Kiikterdi atpayiq! ☝😁 #киік #сайгак #animal #saiga #scuplture #🎨 #AidoStudio

Публикация от Айдос Есмагамбетов Əкімғалиұлы (@aidostudio) Окт 21 2017 в 6:53 PDT

Соңғы жаңалықтар