Деревянченко Головкинмен реванш өткізуге қоятын шартын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) реванш өткізуге қоятын шартын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бокс – құбылмалы бизнес. Головкин енді белдігін қорғайды. Егер олар Альвареспен келісе алмаса, біздің жекпе-жегімізді өткізуге күш салуларына болады. Бұл да үлкен әрі «ақшалы» айқас болады деп ойлаймын. Тіпті, біріншісінен де қызықты болуы мүмкін», - деді Деревянченко.

Деревянченконың өзі келер жылы Альвареспен немесе WBC чемпионымен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Деревянченко-Головкин жекпе-жегінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар