+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Деревянченко Головкинмен екінші рет айқасса, жеңетініне сенімді

2019 жылғы 16 қазан 08:19
Бөлісіңіз:
Деревянченко Головкинмен екінші рет айқасса, жеңетініне сенімді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық боксшы Сергей Деревянченко алдағы жоспарлары жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегін бос трибунада өткізуге болмайды – Оскар де ла Хойя Головкин-«Канело» жекпе-жектері үздік айқастар рейтингіне енді

Егер украиналық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алудың мүмкіндігі болмаса, Сауль Альварес немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.

«Мен реванш өткізгім келеді, дүниежүзі осыны күтіп отырғанына сенімдімін. Бұл Головкиннің соңғы жылдарда өткізген ең мықты айқасы болды. Келесі жекпе-жекте IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы бола алатыныма сенемін. Екінші айқасқа сұраныс болады деп ойлаймын, сондықтан менің промоутерлерім мен менеджерлерім оны ұйымдастыруға барын салады», - деді Деревянченко.

Боксшы екінші жоспары да бар екенін жасырмады.

«Егер реванш болмаса, «Канело» Ковалевпен жұдырықтасып болған соң, онымен ұстасып көргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек өткізетініме сенемін, өйткені, орта салмақта басқа лайықты ешкім жоқ. Егер «Канело» да жабық болса, Чарломен кездесіп, 160 фунтта шайқастың көкесін көрсетуші едім», - деді украиналық былғары қолғап шебері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT