Деревянченко Головкинге қаншалықты қауіпті қарсылас

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал Boxingnews24.com сайтының шолушысы әрі тілшісі Джим Доуэр шаршы алаңда бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген Геннадий Головкинмен украиндық Сергей Деревянченконың болуы ықтимал айқасы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бокс фанаттарының кейбіреуі Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченконың айтарлықтай қарсылығына тап болатынын айтып жатыр. Менің ойымша, олай емес. 2008 жылы өткен Олимпиада ойындары кезінде ол кубалық Эмилио Корреадан 18:4 есебімен ұтылған. Украиндық Бүкіләлемдік бокс супер сериясында өзін жаман көрсеткен жоқ, алайда Брайан Кастаноға бәрібір есе жіберіп алды. Деревянченко сұлатқан қарсыластардың көбі аса танымал емес еді», - деп жазады Доуэр.

Еске сала кетсек, Деревянченко қазіргі уақытта Головкинде тұрған IBF титулына міндетті үміткер болып табылады.

Соңғы жаңалықтар