Деревянченко Геннадий Головкинмен реванштың басты шартын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) реванш алудың оңай еместігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Біз одан әрі қарай әңгіме қалай өрбитінін күтеміз. Геннадий реванш өткізуге келіседі ме, ол жағын білмедім. Меніңше, ол Альвареспен үшінші мәрте кездескісі келеді. Ол белдік үшін рингке шыққысы келеді. Оның осы бағыттағы жоспарлары өзі ойлағандай болмай қалатын болса, онда менімен реванш өткізуі мүмкін»,-деді Деревянченко.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Деревянченконы Нью-Йоркте (США) Madison Square Garden аренасында төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, есеп 115-112, 115-112, 114-113 болды. Алайда көптеген сарапшылар мен фанаттарды Головкиннің бұл жеңісі қанағаттандырмай отыр, осы себепті олар реванштың болуын қалайды.

Геннадий осы кездесуде IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктерді қайтарды.

Соңғы жаңалықтар