+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Деректі фильм:Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне қатысты сұрақтарға ашық жауап береді

2019 жылғы 18 шілде 19:14
Бөлісіңіз:
Деректі фильм:Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне қатысты сұрақтарға ашық жауап береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
24-25 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады Мемлекет басшысы: Көпұлттылық – біздің бағымыз Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев

«Президент 2.0» деректі фильмі 21 шілде күні 22:00-де «31 арнадан» көрсетіледі.

«Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өзінің өмірбаянына, дипломатиялық мансабына және жеке ұстанымдарына қатысты сұрақтарға ашық жауап береді.
Фильмге XX-XXI ғғ. Қазақстан тарихының жетістіктері мен ақтаңдақ беттері, Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірі және оның отбасына әсер еткен оқиғалар арқау болды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресей, Қытай және басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарына тоқталып, өзі кездескен көптеген көрнекті әлемдік саясаткерлер жөнінде ой-пікірімен бөліседі», деп жазады Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, көрермен фильмнен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз атына айтылған мақтау сөздерге көзқарасы, дінге қатысты пікірі, оқитын кітаптары және олардың авторлары туралы білетін болады.

«Аталған фильм Президенттің шетелдік және отандық БАҚ-қа берген бірқатар сұхбатының жалғасы іспетті. Төрт айға жуық уақыт ішінде Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының «Егемен Қазақстан» және «Айқын» республикалық газеттеріне; ресейлік «Коммерсант», «Российская газета» басылымдарына; Өзбекстанның «УзА» ұлттық ақпараттық агенттігіне; «Россия» телеарнасына; америкалық White House Chronicle телехабарына; израильдік Israel Hayom басылымына; америкалық Wall Street Journal газетіне; Euronews телеарнасына; Bloomberg агенттігіне сұхбаттарын ұйымдастырды.

Бұдан бөлек, Президент сайлауалды науқан кезінде журналистермен жиі кездесті. Сондай-ақ, сайлау қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында көптеген маңызды сұрақтарға жауап берді», делінген жазбада.

«Президент 2.0» деректі фильмі 21 шілдеде сағат 22:00-де «31 арнадан» көрсетіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT