Депутатты петиция арқылы мандатынан айыру қалай жүргізіледі: Министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Үкімет отырысынан кейін тілшілерге депутатты мандатынан петиция арқылы айыру рәсімі қалай іске асатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депутат халыққа берген уәдесін орындамаса, мандатынан айыру қалай жүзеге асады?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Министр бұл механизм депутаттың мандатқа лайықтығын қайта дауысқа салу арқылы іске асатынын түсіндірді.

«Бұл механизмнің тәсілі заңда көрсетілген. Егер сайлаушылардың сайланған депутатының жасаған жұмысына көңілі толмаса, петиция арқылы сол депутаттың мандатын қайтару туралы мәселе көтеруге құқықтары бар. Әуелі бастамашыл топ сондай мәселе көтерсе, сол сайланған округте қайта дауыс беру рәсімі өткізіледі. Сайлаушылардың көбі сондай дауыс берсе, онда мандаты қайтарылады», - деді Әділет министрі.


Соңғы жаңалықтар