Депутаттар тез арада Pfizer-ді ақылы негізде ұсынуды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары халықаралық деңгейде мойындалған вакциналармен халықты қажетті көлемде қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутат Ғани Хамзин осыған дейін «Ақ жол» фракциясы щетелге сапармен шығуды жоспарлап жүрген студенттер, бизнесмендер мен басқа да азаматтар үшін халықаралық деңгейде мойындалған вакциналарды, оның арасында Pfizer-ді ақылы негізде ұсыну мәселесін көтергенін еске салды.

«Қазіргі кезде Қазақстанда Спутник-V, Qazvac пен Sinopharm барша халық үшін, ал Pfizer адамдардың кейбір санаттары на қолжетімді. Олардың арасында Sinopharm мен Pfizer Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мойындалған. 16 қарашада ақылы негізде өз еркі бойынша Қазақстан халқын вакциналау үшін Comirnaty Pfizer-ді коммерциялық нарықта COVID-19-ға қарсы екпе ретінде өткізу туралы Үкіметтің қаулы жобасына қолдау жасалды. Алайда осы препаратпен ақылы негізде вакциналау әлі күнге дейін басталмады», - деді депутат Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың атына жолдаған сауалында.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде Sinopharm вакцинасының бірқатар ауруханаларда тапшылығы байқалып отырғаны жайлы ақпарат түсіп жатқанын айтты.

«Ақылы негізде жасалатын Pfizer-ді барша ел күтіп отыр. Бұл тұрғыда ревакциналауға ниетті тұрғындарды да ескеру керек. Адамдардың көбісінде Pfizer вакцинасын ақша төлетіп салдыруға мүмкіндігі бар, алайда ақылы негізде осы екпені салдыру қашан басталатыны белгісіз. Осы орайда Pfizer-ді ақылы негізде салдырудың нақты датасы ешбір жерде жарияланбаған. Бұл өз кезегінде адамдардың жоспарын бұзып отыр», - деді ол.

Бұл тұрғыда «Ақ жол» депутаттық фракциясы тиісті ұсыныстар жасады:

1. Шетелге шығатын «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын, кәсіпкерлерді және басқа да азаматтарды қажет болған жағдайда ақылы негізде тез арада халықаралық мойындалған препараттармен вакциналауды бастау керек.

2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған вакциналардың керек көлемін азаматтардың барлық санаты үшін қамтамасыз ету керек.

3. Pfizer препаратымен ақылы негізде вакциналаудың нақты датасы жариялануы тиіс.

4. Отандық QazVac препаратын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және әлемнің жетекші елдерінің фармацевтикалық әкімшіліктері халықаралық деңгейде тану үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлау.


Соңғы жаңалықтар