Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+30+32℃
  Jańalyqtar  >

Депутаттар сайлауы: Алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

2023 жылғы 20 наурыз, 00:07

АСТАНА. ҚазАқпарат – Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Amanat – 53,46%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,

3. Respublica партиясы – 8,9%,

4. Қазақстан халық партиясы –6,25%,

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%.

Қалған 4,47 пайыз респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.

«Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның ішінде 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда орналасты. Сауалнамаға барлығы 230 мың сайлаушы қатысты. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1 пайыздан аспайды», - деді институт өкілі Айгерім Ергенболатқызы.


Автор:

Асхат Райқұл

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар