Депутаттар Орал өңірінде бірқатар кездесу өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аймақтарға сапар барысында Мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Шавхат Өтемісов пен Виктор Киянский Орал өңірінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, халық қалаулылары ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары негізі қаланған «Василец» Жеке шаруа серіктестігінде болды. «Өндірістің негізгі бағыты жихаз шығару. Англия, Украина, Ресей, Беларусь және Қытай елдерінен кеңселік жихаздар әкелініп, сатылымға қойылады. Жеке жобалары бойынша өздері де жихаз жасайды. Италия, Польша елдерінен жеткізілген құрамалық материалдардан жасалған ас үй, қонақ үйлік жихаздар көп көңілінен шығады», - делінген баспасөз баянында,

Кездесу барысында депутаттар өндіріс жұмысшыларына Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының мазмұнын, ондағы көтерілген мәселелерді түсіндірді.

Сондай-ақ, депутаттар Қазақстанның даму стратегиясы негізінен жастарға арналғандықтан, оны жүзеге асырып, жемісін көретін де жастар екенін тілге тиек етті. Кездесу соңында жұмысшылар қойған сұрақтарға жауап берілді

Соңғы жаңалықтар