Депутаттар мен судьялар Азаматтық-процестік кодекске енгізілетін түзетулерді талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотында Мәжіліс депутаттары жұмыс тобының көшпелі отырысы өтіп, онда Азаматтық-процестік кодекске енгізілетін түзетулер талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкеновтің айтуынша, судьялар сотқа келушінің құқықтары анық бұзылғанын көрген оның қойып отырған талаптарын нақтылау және белгілі бір дәлелдерді келтіру үшін дайындық мерзімін ұзартып, процессуалдық мерзімдерді қалпына келтіру арқылы көмектеседі.

«Бірақ қолданыстағы заң бойынша бұл көмек судьяға берілген процессуалдық құқықтары аясында ғана көрсетіледі. Тәжірибеден бірнеше мысал келтірсем, адам көлік апаты салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді. Бірақ, бұл жағдайда ол көлік иесі, кінәлі кім екендігі, сақтандыру жағдайы, әкімшілік құқықбұзушылық туралы ешқандай ақпаратты білмейді. Ол өзіне келтірілген зиянның орнын толтырғысы келеді. Сот осы жағдайлардың барлығын зерттемей және құжаттарды сараптамай, жан-жақты әрі әділ шешім қабылдай алмайды. Сондықтан, істі дайындау сатысында судья барлық материалдарды өз бастамасы бойынша талап етуге мәжбүр. Бұл әрекеттерді тараптардың біріне артықшылық беру ретінде қарастыруға болады. Шындығында теңдік қағидатын бұзуды білдіреді», - деді ол.

Шараға қатысқан ҚР Жоғарғы сот азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов әзірленген заң жобасының өзектілігін және оның Мемлекет басшысының сот төрелігінің сапасын жақсарту, азаматтардың соттарға сенімін арттыру бойынша стратегиялық міндетін іске асыруға бағытталғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар