Депутаттар демалыстарын аймақтарда сайлаушылармен жүздесуден бастады

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Екі айға каникулға кеткен Парламент депутаттары демалыстарын аймақтарда сайлаушылармен кездесуден бастады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, бүгін Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Целиноград ауданында болды. Онда депутат аудан әкімшілігінің аппарат қызметкерлерімен жүздесуден бастап, Ақмол ауылының әлеуметтік нысандарының қызметімен танысты.

Ал депутат Омархан Өксікбаев Алматы облысы Текелі қаласындағы сайлаушылармен кездесті.

Бұдан бөлек, сапар аясында О. Өксікбаев «Текели-Гранит» ЖШС және «Текелі тау-кен өңдеу өнеркәсібі» кешенінде ұжым қызметкерлерімен жүздесті. Оның барысында жұртшылық тарапынан көтерілген мәселелерге жауап беріп, заң шығармашылығы жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты қала тұрғындарына арнап өзінің қабылдауын ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар