Депутаттар бастамасымен әзірленетін заң жобасы жыл соңына дейін 15 -ке жетеді - Н. Нығматулин

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Депутаттар бастамаларымен әзірленетін заң жобалары жыл соңына дейін 15-ке жетеді.

Бүгін бесінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жабылуына арналған отырыста Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті.

Жиын барысында екінші сессиядағы заң шығармашылығына қатысты сөз еткен спикер, осы аралықта қабылданған маңызды жобаларға тоқталды. «Бұл заң жобаларының арасында әлеуметтік маңызды қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру туралы құжат та бар. Осы ретте мұндай ел өмірінде үлкен маңызға ие заң жобасын біздің депутаттар әзірлегенін айтқым келеді. Соған орай, парламентшілердің заңнамалық бастамаға депутаттардың да белсенділігін атап өтемін. Атап айталық, 2012 жылдың қаңтарынан Мәжіліс депутаттары 10 заң жобасына бастамашылық жасады. Олардың 5-еуіне Президент қолын қойып, заңдық күшіне енді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін депутаттардың өздері әзірлеген заң жобасының саны 15-ке жетеді», - деді спикер Н. Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар