+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Депутаттар ауылдардағы пошта қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

2020 жылғы 22 қаңтар 13:30
Бөлісіңіз:
Депутаттар ауылдардағы пошта қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттары ауылдардағы пошта қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруді сұрады. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бастап жеке тұлғаның атына тауар әкелудегі шектеу өзгертіледі

«Пошта қызметі еліміздегі қоғамдық қатынастарды іске асыруға үлкен үлесін қосып келеді. Хат алмасудан бөлек газет-журналдарды жергілікті тұрғындарға тарату бүгінгі пошта қызметінің басты міндеті екені бәрімізге белгілі. Әсіресе, ауылдық елді мекендерде пошта бөлімдері тұрғындар үшін басты рөл атқарып отыр. Ел әлеуметтік және тағы да басқа төлемдерге пошта қызметі арқылы қол жеткізіп жатқаны бұл қызмет түрінің халық үшін маңызы зор екендігін көрсетеді. «Қазпошта» АҚ қызмет көрсетудің көптеген түрлерін жүзеге асырады. Қаржылық операциялар, тауарлар тасымалы, төлемдер, банктік қызметтің кейбір түрлері және тағы басқа да қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын бұл ұйым табыстан кенде емес. Міне осылай бола тұра пошташылардың жалақысы өте төмен деңгейде қалып қойғаны ақылға сыймайды», - деп тоқталды депутат Шаймардан Нурумов.

Оның сөзіне қарағанда, осы жылдың қаңтар айында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары аясында Алматы облысында елмен кездесуде елді мекендер тұрғындары пошташылардың жетіспеуінен хат немесе газет-журналдар екі аптадай кешігіп жететінін айтып жатты. Ауылдық мекендерде интернеттің жоқтығы немесе жылдамдығы төмен болуы салдарынан тұрғындар үшін баспа өнімдерінің маңызды бұқаралық ақпарат құралы болып табылатыны анық.

«Бұл жерде негізгі мәселелердің бірі - пошташылардың жалақысының төмендігі болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, 12-25 мың теңгені құрайтын жалақы қолданыстағы заңнамада бекітілген жалақының ең төменгі көрсеткіші 42500 теңге көлеміне сай келмейді. Жоғарыда аталғандардың негізінде, «Қазпошта» АҚ қандай заңнаманың негізінде пошташыларға жоғарыда келтірілген жалақы көлемін тағайындаған? Сондай-ақ мұндай жұмыскерлердің жалақысын ұлғайту үшін қандай шаралар қарастырылып жатыр? Бұл мәселені бұрынырақ басқа да депутаттар көтерген болатын. Бірақ оң нәтиже берген жоқ және жағдай өзгергені байқалмайды», - деді Ш. Нурумов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT