Депутаттар «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» фильмін көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Парламент депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Ақмол ауылындағы «Қасірет қақпасы» монументіне гүл шоқтарын қойды. Парламентшілер «Алаш», «АЛЖИР» залдарына экскурсия жасап, «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін тамашалады.

«Бүгін біз 20-ғасырдағы қуғын-сүргін құрбандарын аза тұтып, еске аламыз. Бірақ сталиндік зұлымдықтар жайлаған ауыр жылдардағы қазақ халқының ең жақсы қасиеттері туралы да айтамыз. Туғандар бір-бірін жоғалтқан, ажырап қалған қиын кезеңде біздің халқымыз қатыгез болған жоқ, өздерінің ең үздік ұлттық ерекшеліктерін - қайырымдылықты, ынтымақты, қиындықта көмек қолын созатын асыл қасиеттерін сақтап қалды. Ғасырлар бойғы өзіне тән даналығын танытты. Біз бұл күннің мән-мағынасын қазақстандықтардың жаңа буынына міндетті түрде айтуымыз керек. Халқымыздың бастан кешкен ауыр сынақтарын еске алу біздің ұлы игілігімізді - Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап, бағалауға түрткі болады», - деп атап өтті Дариға Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар