Депутаттар Алтайдан Жібек жолына дейін саяхатқа аттанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін» атты экспедициясына белгілі саяхатшылармен бірге депутаттар да қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған экспедицияға 140-қа жуық адам аттанатыны күтілуде. Олардың қатарында кәсіби гидтер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер, тревел-блогерлер, сондай-ақ депуттар мен медиа тұлғалар бар.

«Экспедиция жұмысына өңірлер бойынша жергілікті депутаттарды қатыстырамыз. Себебі, бізге Мәжілісте «Қазақстандық туризм дегеніміз не, біз не көрсетіп, не ұсына аламыз?» деген сұрақтарды жиі қояды. Осы мақсатта халық қалаулылары өз көздерімен көріп белетін болады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Айта кетейік, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру үшін 2018 жылдың 18 шілдесі мен 29 қыркүйегі аралығында 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамтитын, маңызды табиғи нысандарға экспедиция ұйымдастырылатын болады. Мақсат - киелі мекендерді зерттеу, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту.

Соңғы жаңалықтар