Депутаттар Ақсу-Аюлы ауылындағы әлеуметтік дүкен жұмысымен танысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Ақсу-Аюлы ауылында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына арналған дүкенде болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Мейрам Пішембаев Қарағанды облысындағы сайлаушыларымен кездескен болатын. Кездесу барысында депутаттар «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында ашылған көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақ» әлеуметтік дүкен жұмысымен танысты.

«Ақтілеу» қайырымдылық қорының қолдауымен Шет ауданы әкімінің бастамасымен ашылған дүкеннен әрбір мұқтаж отбасы тиесілі мөлшерде азық-түлік пен заттай көмек алуға мүмкіндік бар.

Дүкен тынысыман танысқан Мәжіліс депутаттары осы жерде Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бастамалар жөнінде және оларды заң жағынан қолдау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Осы күні сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының орындалу барысымен танысты.

Депутаттар атап өткендей, азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан тұрғын-үй құрылысы үшін қомақты қаражат қарастырылған.

null

Соңғы жаңалықтар