+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Депутат Сбербанкпен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімге алаңдаушылық танытты

2021 жылғы 15 қыркүйек 13:53
Бөлісіңіз:
Депутат Сбербанкпен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімге алаңдаушылық танытты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ХХІ ақпарат ғасырында IT қауіпсіздігі - еліміздің тәуелсіздігінің маңызды факторы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде жаңа IT эко-жүйе құрылады Бағдат Мусин EGOV сатылады деген қауесетке қатысты түсініктеме берді Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтің сапасына қаншалықты баға береді

«Қазақстан Үкіметінің Ресей Сбербанкімен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қоғамда үлкен дау тудырды. «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өткен жылдары жекелеген министрліктердің, жалпы алғанда цифрлық даму мәселесінің ақпараттық жүйелер жұмысындағы сәтсіздіктерін бірнеше рет сынға алған еді. Қолданыстағы платформалардың қабілетсіздігі, әсіресе өткен жылдың көктемінде пандемия басталған соң денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, салық салу, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген электрондық қызметтердің кемшіліктері айқын болды. Сол кездің өзінде мемлекеттің жылдар бойы цифрландыруға бөлінген миллиардтаған қаржының тиімсіз пайдаланылуы анықталды. Мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғалардың жағдайды түзету бойынша жасаған әрекеттері тиісті нәтиже бермеді. Тіпті, платформалардың одан әрі алыстауына, оны азаматтар мен бизнестің пайдалануының күрделенуіне алып келді», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған Мақсат Раманқұлов.

Оның атап өтуінше, қазіргі заманауи технологиялар мен жаңа әлемдік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан үшін мемлекеттік қызметтерді цифрлық дамытуда артта қалу проблемасы жыл өткен сайын өткір болып тұр.

Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың IT жүйелерін бірыңғай платформаға келтіру, заманға сай жаңғырту қажеттігі шынымен де жүйелі проблемаға айналды.

«Дегенмен, бірқатар мәселелер ашық күйінде қалып отыр. Біріншіден, аталған келісімді өткен жылдары цифрландыру бағдарламаларына бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалғанын мойындау деп бағалауға бола ма? Егер солай болса, онда өткен жылдары мемлекеттің нақты қанша қаржысы мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға жұмсалды және оның тиімсіз жұмсалғаны үшін жауапкершілік кімнің мойнында? Екіншіден, осы келісімді дайындау кезінде отандық немесе ең мықты халықаралық IT-компаниялардың мүмкіндіктері ескерілді ме? Оны дайындау барысы ашықтық пен адал бәсекелестікке қаншалықты сай болды? Үшіншіден. келісімді іске асыру барысында ақпараттық қауіпсіздік мүдделері қалай қорғалады?», - деп сауал қояды Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол баспасөзде жарияланған Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің түсіндірмелері жұртшылықты қанағаттандырмайтындығын, керісінше одан да көп сұрақтар туындатқанын алға тартады.

«Оның себебі - серверлерді Қазақстанда орналастыруда ғана емес, оларда сақталатын ақпаратқа бөтен тұлғалардың қолжетімділігін шектеудің технологиялық мүмкіндігі бар ма деген мәселе. ХХІ ақпарат ғасырында IT қауіпсіздігі - ел тәуелсіздігінің маңызды факторы деп санаймыз»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT