Депутат: Партия Төрағасы қойған міндеттерді жүзеге асыратын мықты кадрлар қажет

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Партия Төрағасының қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрлар қажет. Бұл пікірді «Amanat» партиясының Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутат Аманжол Жазықбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партия Төрағасының қойған міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін жауапкершілік пен талапқа сай кадрлар қажет. Осылайша, ұйым жергілікті жерлерде партия қатарын нығайту жұмысына кіріседі. Ресми деректерге сүйенсек, «Nur Otan» партиясының негізін құрайтын 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымы (БПҰ) бар.

Партия мүшелерінің біліктілігін арттыру, БПҰ жетекшілерінің рейтингін енгізу және партия жарнасының 20 пайызын қайтару арқылы БПҰ-ны нығайту жоспарлануда. Партия жанындағы Саяси менеджмент мектебі 3 мыңнан астам партия мүшесін саяси менеджмент пен коммуникацияның жаңа форматтары бойынша оқытатын болады.

Жарнаның 20 пайызын қайтару туралы айтқанда, бұл қаржының партиялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатынын ерекше атап өткен жөн. Белгілі болғандай, партиялық жобалар бірінші кезекте аға ұрпақты, жастарды және көмекке мұқтаж адамдарды қамтиды. БПҰ-ның жұмысы кеңейіп, тиімді құралдары арқылы жүзеге асырылады«,- деді Аманжол Жазықбаев.

Сондай-ақ депутат ҚР Президенті «Жаңа Қазақстан« құру туралы жариялап, жұмыстың жоғары қарқынын белгілегенін айтып өтті.

«Партия съезінде аталып өткендей, бұл партия жұмысына үлкен ықпал етеді. Соңғы кездері партияның төңірегінде әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер көп болды, біреулер тіпті таратылуы туралы айтты. Бірақ жаңалықтардан байқағанымыздай, партия жұмылып өз жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар, жаңа жобалар, ашық диалог алаңдары және қызмет көрсетуге бағытталған қоғамдық қабылдаулар түрінде өз жауабын берді»,- деді А. Жазықбаев.


Соңғы жаңалықтар