Депутат Н. Рүстемовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

None
None
күйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары депутат Нұрбах Рүстемовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады.

 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы шілденің 28-індегі Жарлығымен Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен ОСК ұсынымын  Парламент Мәжілісінің қарауына енгізген болатын. Палата депутаттары ОСК ұсынымын бірауыздан қолдап, арнайы қаулы қабылдады.

Сондай‑ақ палата Мәжіліс депутаты С. Темірболатовтың Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінен Заңнама және сот‑құқықтық реформа комитетіне ауысуы, депутат З. Алшымбаевтың  Заңнама және сот‑құқықтық реформа комитетінен Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Соңғы жаңалықтар