Депутат мектептерде «Дінтану негіздері» пәнінің сағатын арттыруды ұсынды

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне арналған Үкімет сағатында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Мәулен Әшімбаев мектептерде оқытылатын «Дінтану негіздері» пәнінің сағатын арттыруды ұсынды.

«Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Бүгінгі таңда мектептердің 9-сыныбында «Дінтану негіздері» пәні оқытылады. Оған факультативтік сағаттардың есебінен оқу жылына 34 сағат бөлінген. Дінтану негіздері секілді пән арқылы дін жайында түсінікті жастайынан, мектеп қабырғасынан қалыптастыру арқылы жалған немесе радикалды діни ағымдардың жетегінде кетудің алдын алуға болады. Сол себепті алдағы уақытта оқыту сапасына көңіл аудара отырып, әдістемесін жетілдіріп, осы пәнге арналған сағат санын арттыру жөн деп ойлаймын», - деді М. Әшімбаев.

Сонымен қатар, депутат соңғы жылдары 390 жас дінтану мамандығы бойынша жоғары оқу орнын аяқтағанын айтып, оларды алдағы уақытта үгіт-насихат жұмыстарына кеңінен тарту қажеттігін жеткізді. «Бұл ретте азаматтарымыздың мейлінше шетелде беймәлім, күмәнді оқу орындарында дәріс алуына жол бермеу керек», - деді М. Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар