Депутат мәйіттерді тасымалдау мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары сот-медициналық сараптама қызметін жетілдіру мәселесін көтерді. Осыған орай, олар ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Депутат Зәуреш Аманжолованың айтуынша, елімізде сот-медициналық сараптама қызметінің жағдайы мәз емес. Қазіргі кезде арнайы орталықтың 20 жергілікті құрылымы бар. Солардың ішінде Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтанның сот-медициналық мәйітxаналары әбден тозған. Аталған нысандар өткен ғасырдың 1915-1950 жылдары салынған.
«Республикада сот-медициналық бөлімшелер жетіспейді. Соның салдарынан Маңғыстау мен Ақмола облысында мәйіттерді жүздеген шақырымға тасып жүреді. Ал Павлодар облысында екі-ақ бөлімше бар. Олар Екібастұз бен Ақсу қаласында орналасқан», - деді З.Аманжолова бүгінгі пленарлық отырыста.
Оның сөзіне қарағанда, маман тапшылығы да барынша байқалады. Бүгінде алты мемлекеттік медициналық университеттің екеуі ғана сот-медициналық сараптама мамандарын даярлайды.
«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, жаңа ғимараттарды салу мәселесін қарастыру қажет деп санаймыз. Соның барлығын заманауи құрал-жабдықтармен және тоңазытқыш құрылғылармен қамтамасыз ету керек. Қазіргі ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізген жөн. Ал зертxаналарға озық аппараттар мен реагенттерді жеткізу керек. Сот-медициналық сараптама мамандарын даярлау бағдарламасын да қайта қарап шыққан маңызды. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін мамандарды баспанамен қамту жағын ұмытпауымыз қажет», - деп атап көрсетті З.Аманжолова.
- Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Қарағанды облысы Ақтау кентінің ауруханасында цифрлық рентген аппараты пайда болды
- Петропавл: Жаңа құрылған «Жас өркен» ықшамауданында 250 орындық емхана салынады
-
Түркістан облысында жасанды тыныс алу аппараттарының саны 50% өсті
-
Алматыда мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам