+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Депутат Қоғамдық кеңестің маңызды жұмысы туралы айтты

2021 жылғы 13 мамыр 16:59
Бөлісіңіз:
Депутат Қоғамдық кеңестің маңызды жұмысы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жайылымдық жердің болмауы - жергілікті әкімдердің халықтың мұң-мұқтажына немқұрайлы қарауынан туындайтын мәселе. Бұл туралы Antikor Live бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің келесі отырысында малдың жайылымы мәселесін қараймыз. Бұл - өте өзекті мәселе. Өздеріңіз білесіздер, жақында ғана Түркістан облысындағы ауыл азаматтары жайылымдық жер жоқ екенін айтып әкімдік алдында жиналды. Бұл Қазақстанның барлық облысында бар мәселе. Көптеген ауданда латифундистер жердің бәрін алып қойған және жерді пайдаланбаса да халыққа пайдалануға беріден бас тартады», - дейді Ерлан Саиров.

Ол Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылында да осындай мәселе болғаны туралы айтты.

«Ауыл тұрғындары мал жайып жүрген жерді қазып, ол жерге мал жаюға тыйым салып тастаған. Сонда халық қайда барады? Марсқа ұшып кететін Илон Маск емеспіз ғой. Мұның бәрі жергілікті әкімдердің халықтың мұң-мұқтажына немқұрайлы қарауынан туындайды. Біздің қоғамдық кеңес құқық қорғау органдарының орнын алмастыра алмайды, бірақ осындай мәселелердің алдын алу жағын қарастырады», - дейді ол.

Еске салсақ, «Nur Otan партиясы Парламент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру құралы ретінде партия жанынан жан-жақты кеңес құрды. 14 кеңестің бірі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT