Депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды - Бас прокуратура
2022 жылғы 22 сәуір 10:17

Депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды - Бас прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Оны кеше, 21 сәуір күні ұстады. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы БАҚ өкілдеріне растады»,-деді ол.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласынан тараған видеоларда кәсіпкердің «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені көрінген болатын.

7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді.

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, «Дикий Арман» тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап,күштеп ұстаған.

Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі екіайға ұзартылған болатын.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT