«Депутат болғанда не бітірдің?» деген сұрақ шаршатты - Тәңірберген Бердоңғаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Astana Digital Forum» аясындағы видео-блогинг сессиясында экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров әлеуметтік желідегі белсенділігін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Шынымды айтсам, "Депутат болғанда не бітірдің?" деген сұрақтан шаршап кеттім. Иә, мен Парламент Мәжілісінің депутаты болдым. Жаңағы сұраққа мен талай рет жауап бергенмін. Сол кезде xалыққа қажетті заңдарды жазуға тырыстым, барын салдым. Дегенмен, бәрі маған ғана байланысты емес. Қазір мен қоғамдық жұмыспен тығыз айналысып, сағат сайын не істеп, не қойғанымды, қандай мәселеге араласқанымды әлеуметтік желіге салып отырамын. Бір қызығы, соңғы кезде xалық тарапынан "Депутат болғанда не бітірдің?" деген сұрақтар азайды", - дейді Бердоңғаров.

Өткен айда ол Азаматтық альянсты басқаруға кірісті. Енді, ұйым мүшелері YouTube арнасында белгілі бір мәселені көтеріп қана қоймай, оны шешу жолдарын да іздейтін болады.

Айта кетейік ,  бүгін "Astana Media Week" апталығы аясында «Astana Digital Forum» ашылды. Осы форумның ашылу салтанатында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді. Ал  "CEO Select Communication Group"-тың өкілі Виктор Елисеев цифрландыру аясында жұмыссыздыққа дайын болу қажеттігін жеткізді. Қазақстанның интернет коммерцияға қатысу көрсеткіші де жарияланды . "WikiBilim" қоғамдық қорының негізін қалаушылардың бірі Нұртай Әшімнің айтуынша, қазақша Википедияны пайдалану көрсеткіші жылдан жылға артып келеді . 

Соңғы жаңалықтар