Депутат әкімдердің рейтингі үшін тағы бір индикатор ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева әкімдер жұмысын өңірде балалардың спортпен шұғылдануы деңгейі бойынша бағалауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер де бала спортпен мектеп жасынан бастап айналыспаса, онда Олимпиада чемпионы болуы екіталай. Бұл бағыттағы мақсат олимпиадалық биіктен көріну ғана емес, сонымен қатар денсаулығы мықты ұрпақты тәрбиелеу. Бүгінде жеткіншектердің болашағына елеулі түрде көңіл бөлініп отыр. Алайда, бұл шараларды жүйелі деңгейге қою қажет деп есептеймін. Осы орайда біздің мектеп директорларының, барлық деңгейдегі әкімдердің рейтингілерінің бірі балалардың спортпен айналысуына қатысты болғаны жөн»,-деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар