-
ОНЛАЙН:
Депозиттердің долларлану деңгейі төмендеді – Ұлттық банк

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов биылғы жылдың 10 айындағы депозиттердің көлемі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның мәліметі бойынша, банк жүйесіндегі депозиттер биылғы 10 айда 15,3%-ға немесе 2,916 трлн теңгеге өсіп, 21,938 трлн теңгеге жеткен.
«Оның ішінде теңге салымдары – 20,0%-ға немесе 2,160 трлн теңгеге өсіп, 12,980 трлн теңгеге жетті. Валюталық салымдар мейілінше қалыпты қарқынмен – 9,2%-ға немесе 756,1 млрд теңгеге, осы жылғы қазанның соңындағы 8,957 трлн теңгеге дейін өсті. Валюталық депозиттерді бағамдық қайта бағалау жиынтық депозиттердің өсуі 15,3%- құрады»,– дейді Жандос Шаймарданов.
Депозиттердің долларлануы жылдың басынан бастап 43,1%-дан 40,8%-ға дейін, оның ішінде корпоративтік сектор депозиттерінің долларлануы 44,8%-дан 40,7%-ға дейін, бөлшек сектор бойынша 41,3%-дан 40,9 пайызға дейін төмендеп кетті.
- Алдағы жылдары Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады
- Президент: Үкімет пен Ұлттық банк 2025 жылға дейін инфляцияны 3-4 пайызға азайтуы керек
- Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 35,7 млрд АҚШ долларына жетті
- Өткен жылы зейнетақы активі 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды – Ұлттық банк
-
Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң болды – Үкіметтің кеңейтілген отырысы
-
Ерболат Досаев теңге бағамына қатысты түсінік берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам