Депозиттердің долларлану деңгейі 8 ай ішінде 40,2 пайызға дейін төмендеді - ҰБ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Депозиттердің долларлану деңгейі 2020 жылғы 8 ай ішінде 40,2 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйекте теріс түзетуге қарамастан инвестициялық кіріс 2020 жылдың басынан бері 1,5 млрд АҚШ долларына жуық болды. Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 8,7 пайызға ұлғайып, осы жылғы тамыздың соңында 20,7 трлн теңге болды. Теңгедегі салымдар 12,4 трлн теңгеге дейін 14,2 пайызға, валюталық салымдар 8,3 трлн теңгеге дейін 1,4 пайызға өсті. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 2020 жылғы 8 ай ішінде 40,2 пайызға дейін төмендеді», - деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, жиынтық депозиттердің өсуі көбінесе наурыздағы бағамдық қайта бағалау, сондай-ақ валюталық салымдар бойынша алынған кірістерді кейіннен теңгедегі депозиттерге біртіндеп ауыстыру есебінен қалыптасады.

«Бұл ретте, халықтың инфляциялық күтулері бойынша Ұлттық банктің пікіртерімі аясындағы деректер жинақтары бар респонденттер үлесінің төмендеп бара жатқанын көрсетеді. Пікіртерімге қатысқандардың көпшілігі осы жылғы қыркүйекте жинақтарды қалыптастыру уақытына теріс баға берді – 42 пайыз, алайда бұл теріс бағалаулар осы жылғы тамыздағы 47 пайызбен салыстырғанда төмендей бастады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар