USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Депозиттер бойынша сәуірге арналған сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

2021 жылғы 1 наурыз 12:05
Бөлісіңіз:
Депозиттер бойынша сәуірге арналған сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуір айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыс қатерімен жекелей қалдыруға болмайды – Тоқаев Қазақстан Президенті Үндістанның сауда-экономикалық платформасын құру бастамасын қолдады Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу басталды

Ең табысты салым – әдеттегідей толықтыру құқығы жоқ, мерзімі 12 айлық жинақ депозиттер – 14%. Еске саламыз, теңгелік жинақ депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелермен қатар көтеріңкі кепілдік сомасы да қарастырылған – 15 млн теңге.

«2021 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде 9,0 қалды»,-деп хабарлады Қорың баспасөз қызметі.

Мерзімді депозиттердің нарықтық мөлшерлемелерге тәуелді мөлшерлемелері де өзгеріссіз қалды. Өйткені жүйелік деңгейде тиісті өнімдер бойынша банктер ұсынатын мөлшерлемелерге қатысты қандай да бір айқын үрдіс байқалған жоқ.

Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT