Депозиттер бойынша маусымдағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың маусым айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді. Ал 2021 жылдың сәуірінде базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде сақталды. Сондықтан мұндай депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер маусым айында өзгермейді.

12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды.

Ал Салымшылар үшін ең тартымды салымдар жинақ салымдар болып қалуда. Өйткені олар бойынша табыстылық жоғары деңгейде. Солардың ішінде ең танымалы – 1 жылға арналған жинақ салымдар. Сол себептен, олар бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Алайда нарықта 24 айлық жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу сипаты сақталуына байланысты бұл салымдар бойынша мөлшерлемелер шамалы азайды.


Соңғы жаңалықтар