+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Депозиттер бойынша қыркүйектегі сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

2020 жылғы 3 тамыз 11:25
Бөлісіңіз:
Депозиттер бойынша қыркүйектегі сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қыркүйегіне ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экономикамыз қарыштап дамитынына сенімім зор – Шет ауданы әкімінің орынбасары Жолдау туралы Бейбіт Атамқұлов Алматы Индустриялық аймағын аралап көрді Руслан Дәленов: Сарапшылар кеңесіне кадрлық резерв мүшелерін тартуды көздеп отырмыз

«24 айға арналған мерзімді депозиттерді қоспағанда, теңгелік депозиттердің барлық түрлері бойынша мөлшерлемелер тамыз айындағы деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлеме жылына 9 %-ды құрайды. Бұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келеді. Айта кетелік, базалық мөлшерлеме ақша құнының экономикадағы негізгі бағдары болып табылады»,– деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.

Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер –9 %, ал толықтыру құқығы жоқ түрі бойынша – 9,5 пайызды құрайды. Дәл осындай мерзімдерге шақталған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі бойынша мөлшерлемелер – 10,0%, толықтырылмайтын түрі бойынша – 10,5%.

Мерзімі 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Олар бойынша орташа есептелген нарықтық мөлшерлемелер бекітілген шектен жоғары деңгейде қалыптасты. Сондықтан ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме ретінде бұған дейін бекітілген шектің мәні қабылданады, ол – 14% (базалық мөлшерлеме плюс 5 п.т).

Қыркүйек айына бекітілген шекті мөлшерлемелер арасында жалғыз өзгеріс 24 айлық мерзімді салымдардың толықтырылатын және толықтырылмайтын түрлері бойынша байқалады.

Қордың хабарлауынша, 24 айды қамтитын мерзімді салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі ұзақ уақыттан бері байқалуда. Яғни, банктердің жинақ депозиттермен салыстырғанда мерзімді салымдардың бұл түрін тартымды етуге деген қызығушылығы төмен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT