Депозиттер бойынша қазандағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қазан айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толықтырып отыруға болатын ұзақ мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер қайта қаралып, ұлғайтылды. Базалық мөлшерлеме 10,4% болды. Бұған толықтыру құқығының есептік құнының өзгеруі себеп болды. Осылайша депозит нарығының аталмыш сегментінің мерзімсіз салымдар алдындағы артықшылығы одан әрі нығайып, тартымдылығы арта түседі. Бұл банктердің қор жасауды тұрақты түрде арттыруға ынталандыруға септігін тигізеді және бұл өз кезегінде экономиканы ұзақ мерзімді және нарықтық тұрғыда кредит берумен қамтамасыз етуді кеңейтуге негіз болады.

Мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде қалды. Өйткені банктердің көпшілігі оларды максималды деңгейден төмен мөлшерлемемен қабылдауын жалғастыруда.

Толықтыруға болмайтын басқа барлық депозиттер бойынша мөлшерлемелер елеулі нарықтық факторлар орын алмағандықтан, қазан айында бұрынғы деңгейінде қалдырылады.


Соңғы жаңалықтар