+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Депозитке қаржыны қандай валютада салған тиімді

2017 жылғы 20 қараша 15:31
Бөлісіңіз:
Депозитке қаржыны қандай валютада салған тиімді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қорының доллардағы депозиттердің ставкасын 1 %-ға азайту туралы шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылы пайыз көрсеткіші екі рет түсті.

Шілдеде 1,5% болса, 1 желтоқсаннан - 1%-ке түсті.

«Банктерге доллар пассивтерін салатын жер жоқ. Қазір банктер тек теңгемен несие беріп жатыр. Доллармен қаржыландырылатын корпоративті клиенттердің саны аз. Доллар пассивтерін Ұлттық банкке сақтап жатырмыз. Бұл онша тиімді емес», - деді «Halyk bank» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Салымшылар мұндай шешімге қатысты наразылығын білдіріп жатыр.

«Жылына 1%, бұл өте аз. Бұл елдегі ақша саясатын долларсыздандыруға бағытталған жұмыс. Клиенттер үшін тығырықтан шығатын бірнеше жол бар: пайлық үлестік қорлар, құнды қағаздар», - деді Qazkom басқарма төрағасы Ульф Вокурка.

Қаржыгерлердің айтуынша, қаржыны теңгеде сақтаған салымшылар біршама ұтады.

«0% болса да банкте сақтаған қауіпсіз. Депозитке доллар салушылар саны азайып келеді. Сонда да банктерге тепе-теңдікті сақтау керек. Салымшыларға банкте ақша сақтау тиімсіз болған кезде олар шетелге инвестиция құя бастайды. Бірақ мұндай мүмкіндік бәрінде бола бермейді. Орташа сегменттегі салымшыларға теңгенің 12% сыйақысына көшкен тиімді. Доллар депозиттеріне қатысты вип банкингті, пайлық үлестік қорлармен жұмысты дамытып жатырмыз. Доллар активтерін құнды қағазға салу мүмкіндігі де арта түсті. Сұраныс бар»,- деді «Halyk bank» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Айта кету керек, Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қорының директорлар кеңесі 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап доллар валютасында ақша сақтайтын жеке тұлғаларға - пайыздық мөлшерлемені жылына 1%, теңгемен ақша сақтайтын салымшыларға 14% ретінде бекітті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT